О книге
С. СҰҢҒАТАЙ КӨНЕ ТҮРКЛЕРДІҢ АЛТЫН MACКАСЫ // ҰҒА-ның Хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы. 2001. № 5. 16-18 бб.
Бұл кездейсоқ археологиялық жәдігерліктер 1997 жылы ҚХР-дың Іле қазақ автономиялы облысына қарасты Моңғолкүре ауданы (Қытайша Чжао су) Бома ауылындагы (Бұл ауыл Қазақстан шекарасына өте жақын бұрынғы Нарынқол ауданының орталыгынан шамамен 15-20 шақырым жерде) ескі қорымды жасырын түрде қазып тонаушы қылмыстық топты ұстаған кезде тонаушылар қолынан алынған. Қазір ол бұйымдар Іле қазақ автономиялы облыстық мұражайда (Құлжа қаласында) сақтаулы тұр. Осы жолдардың авторы 2001 жылы ақпан айында Қытайга барған сапарында, Синьцзян археология институтынан алған дерегі бойынша аталмыш бірегей құнды жәдігерліктер туралы Қытай басылымдарында әлі ресми ғылыми зерттеу – хабарлама жарияланбаған екен. Тек 1999 жылы Үрімшіде жарык көрген аса бағалы тарихи-мәдени жәдігерліктерге арналған фото альбомға кіргізілген.
Бома алтын бұйымдарына біздің айырықша ғылыми ынта-ыкыласымыздың ауу себебі Орталык Азияның б.з. I мыңжылдыгының, әсіресе оның алдыңғы жартысында өмір сүрген көшпелі халықтардың (тайпалар) жерлеу салтындагы осынау сирек кездесетін ырымдық-ақыреттік заттың діни-ғұрыптық мәні, шыгу төркіні, этно-мәдени тегі және таралу аймағы сынды күрделі мәселелерге жауап іздеп өзімізше шешімін айту болып отыр.
Бомадан табылған алтыннан құйылган масканың көлемі: ені 16,5 см., ұзыны 17 см., салмағы 245 грамм. Маска былайша көріністе бірден салауатты, сұсты әрі келбетті ер кісінің бет-әлпетін айқын елестетеді. Оның көздері, доғаланган қасы, қияқ мұрты, қаба сақалы түгелдей қызыл лагыл тастардан көз салынып, алтынмен көрнекі бедерленген.