Сарайчик

Автор книги
Самашев Зайнолла, Таймагамбетов Жакен
Категория
Монография

О книге

Тасмагамбетов И., Самашев З. Сарайчик. – Алматы: ЩФ «Берел», 2001. – 320 с. (на каз., рус., англ. яз.)

Бұл кітап - ХІІІ-XVI ғасырлардағы Сарайшық қалашығынан 1996-2000 жылдары И. Тасмағамбетовтың ұйымдастырып, тікелей қатысуымен және З. Самашевтың жетекшілігімен Батыс Қазақстан экспедициясының жүргізген зерттеулері кезінде жинақталған бірегей материалдардың ғылым тарихындағы тұңғыш, әрі толық жарияланымы. Кітапта, сондай-ақ, Қазақстанның Орталық Мемлекеттік мұражайы мен Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының материалдары да пайдаланылды.
Жергілікті жерде жасалған және сырттан әкелінген, көркемдігі жағынан аса тартымды жүздеген бұйымдар, теңгелер, бітіктер, әшекейлер, тұрмыстық заттар, еңбек құралдары, қару-жарық түрлері, шикі кірпіштен тұрғызылған сәулет өнерінің ғаламат үлгілері, «хана» деп аталатын Сарай кешенінің қалдықтары және тағы басқалар Сарайшықтың Алтын Ордадағы ең маңызды саяси, экономикалық, сауда, мәдени, тарихи және рухани орталықтардың бірі болғанын, ал кейінірек, Ноғай Ордасы мен Қазақ хандығының қалыптасуында да шешуші рөл атқарғанын сипаттайды.

Перейти к автору