О книге
«Жолайырықта» — автордың қазақ қоғамының айналадағы ортаны әлеуметтік және эстетикалық тұрғыдан игерген іс-тәжірибесімен тікелей байланысты халық сәулеткерлігіне арналған туындысы. Кітап қазаққа қатысты этнографиялық әдебиетте алғаш рет жылжымалы баспана мен тұрақты мекенжай үлгілерін ғылыми жағынан жіктестіргенімен ғана емес, оларды мемлекеттік есепке алу, қалпына келтіру, қорғау, өнегелі тұстарын қазіргі тұрмысқа пайдалану арқылы халқымыздың өткен өміріне, тұрмыс-салтына, наным-танымына, талғамына, өндіргіш күштеріне, құрылыс мәдениетіне ілтипатпен қарауға ынталандыратынымен де құнды.
Кітап «Арқас» өрбіту қоры кітапханасы сериясына арнайы жазылған. Басылымнан оқырман қауым, ғылыми қызметкерлер мен мұғалімдер, студенттер мен оқушы жастар соны пікір, тұжырымды ой, қызғылықты деректер таба алады.