Байгунаков Досбол
Байгунаков Досбол Сүлейменұл - 1969 жылы 1 қаңтарда туылған. 1994 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-ң тарих факультетін тәмәмдаған. Ғылыми-педагогикалық қызметін 1998 жылы Алматы қ. бойынша МГСУ филиалының оқытушысы болып бастаған. 1999-2003 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ стажер-зерттеуші, аспирант, ассистент болған. 2003-2010 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ аға оқытушысы, доценті болып қызмет істеген. 2011-2013 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті. 2014-2016 жылдары Ө.А.Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясының ректоры болып қызмет еткен. 2017-2020 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры болып жұмыс жасады. 2020-2021 жылдары ҚР МСМ «Қазақстан мәдениетінің ғылыми-зерттеу институты» РМҚК директоры болды. 2021-2022 жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетте академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы. 2022 жылдың қыркүйегінен бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультетінің деканы.
Д.С.Байгунаков - Халықаралық «БОЛАШАҚ» стипендиясының иегері (2010); Сиена Университетінде (Италия, 2010-2011), Хажеттепе Университетінде (Түркия, 2013), SGH Университетінде (Польша, 2015), Италияның Мәдени мұра министрлігінде (Флоренция, 2018) ғылыми тағылымдамадан өткен. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» (2013) болған, «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2016) болып табылады. 180-ге жуық ғылыми басылымдардың авторы.